Жұма, 08 Ақпан 2019 12:50

Қостанайлық коммунистер Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

5 ақпан күні Қостанай облысының коммунистері Н.Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасында Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Жастар арасында «Д.А. Қонаев – ұлы Адам» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастар Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерінің өмірбаяны, оның ел басқарған кездегі экономикалық әлеуеттің, өнеркәсіптің  өсуі,  ауыл шаруашылығының дамуымен танысты. Сонымен қатар студенттерге Қонаев туралы деректі фильмнен үзінді көрсетілді.

Жастар ҚКХП облыстық комитеті хатшылары мен кітапхана қызметкерлерінің баяндамаларын үлкен қызығушылықпен тыңдады. 

Кездесу соңында коммунистер жастарға Дінмұхамед Қонаев туралы қызық мәліметтер жазылған «Молния» ақпараттық бюллетеньдерін таратты. Іс-шараның оң нәтижесі ретінде екі жас азаматтың кітапханаға жазылуын айтуға болады. 

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

KostKunayev 5KostKunayev 5KostKunayev 5KostKunayev 5KostKunayev 5

Please publish modules in offcanvas position.