Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2019 15:48

Мұғалім – мәртебелі мамандық

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Педагог – ел болашағы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді. Талқылауға білім басқармасының, саяси партиялардың өкілдері сонымен қатар мектеп ісінің меңгерушілері мен мұғалімдер және коммунистер қатысты.

Бұдан бұрын Парламент Мәжілісінде «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасы таныстырылған болатын. Өкінішке қарай, құжатқа білім беру жүйесін жетілдіруге және мұғалімдердің мәртебесін бекітуге қатысты ұсыныстардың бірқатары енбей қалды.

Басқосуда Білім және ғылыми министрлігінің кемшіліктері тілге тиек етіліп, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы және оларға артылатын артық жүктеме жайы сөз болды.

- Білім беру саласын жаңғыртуға қатысты тың идеялар ортаға салынды. Жиынның берері мол болды, - деді облыстық комитеттің екінші хатшысы Владимир Скуридин.

 Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар бірқатар ұсыныс жасады. Оның ішінде Парламент депуттарына «Мұғалім мәртебесі» туралы

заңға педагогтардың жалақысы мен оларға жасалатын әлеуметтік жеңілдіктер туралы түзету енгізу бастамасы көтерілді. Үкіметке алдағы 3-5 жылға арналған орта және жоғары оқу орындарына кадр даярлаудың стратегиялық жоспарын құру ұсынылды. Ал Білім және ғылым министрлігіне қайта-қайта реформа жасай бермеу қажет екені ескертілді.

- Халыққа білім беру қажет. Білім саласынан ақша жасауды доғару керек,- деді Владимир Скуридин.

Маргарита Никитина

KostKrugStolPedag 4KostKrugStolPedag 4KostKrugStolPedag 4

Please publish modules in offcanvas position.