Дүйсенбі, 26 Тамыз 2019 10:19

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы ауысты

Оцените материал
(0 голосов)

Қостанайда ҚКХП облыстық комитетінің кезектен тыс пленумы өтті. Асқар Өмірзақов ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Бұған дейін осы қызметті атқарған А.Әлімбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.

ҚКХП ОК хатшысы Дмитрий Легкий А.Әлімбаевқа аймақтағы партиялық ұйымды аса жауапты кезеңде абыроймен басқарғаны үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар ҚКХП-ның танымалдығын арттыру үшін облыс тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатқанын жеткізді.

Партияластар бірінші хатшының өтінішін ескере отырып, оған ревизиялық комиссияны сеніп тапсырды. Аталмыш комиссияны басқарған Петр Коржиков денсаулығына байланысты қызметтен босату туралы өтініш жазды.

Асқар Өмірзақов – Ресейде дүниеге келген. Милиция мектебін аяқтағаннан кейін жедел-тергеу саласында қызмет еткен. 2002 жылы Қостанайға қоныс аударып, бизнестің түрлі салаларында жұмыс істеген.

- Маған артып отырған сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Маған дейінгі азаматтар қыруар шаруа тындырды. Болашақта атқарылатын іс көп деп ойлаймын, - деді Асқар Өмірзақов.

  • 68746303 2407892746119214 958032325554208768 n68746303 2407892746119214 958032325554208768 n

Please publish modules in offcanvas position.