Жұма, 08 Қараша 2019 16:04

ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Қостанай облысында Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларының және аудандардың коммунистері В.Ленин ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, сенбілік ұйымдастырды. Революцияға арналған өлең оқып, революция жылдарындағы танымал әндерді шырқады. Сонымен қатар партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдады. 

Қостанайдағы Жеңіс саябағындағы В.Ленин ескерткішінің жанында ҚКХП облыстық комитетінің ұйымдастыруымен митинг өтті. Күннің суығына қарамастан, шараға партия белсенділері мен қарапайым азаматтар көп жиналды.

–Менен «Ленин мен Ұлы Қазан революциясының тәуелсіз Қазақстанға қандай қатысы бар?» деп жиі сұрайды. «Тікелей қатысы бар» деп жауап беремін. Келесі жылы Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Біз бұл датаны атап өтеміз. Ал Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы декретке кім қол қойды? Әрине, Социалистік революцияның басында тұрған Владимир Ильич Ленин! – деді ҚКХП ОК хатшысы Дмитрий Легкий.

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы Асқар Өмірзақов партия мүшелерін мерекемен құттықтап, «Халық коммунистеріне» сәттілік тіледі.

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшысы Владимир Скуридин жиналғандарға тұтас әлемге көптеген пайда әкелген тарихи оқиғалар мен Ұлы Қазан революциясының маңыздылығы туралы айтып берді.

–Тегін білім, денсаулық сақтау, қоғамның әр мүшесінің әлеуметтік әл-ауқаты секілді құндылықтарға социалистік жүйе жағдайында қол жеткізілді. Соңғы уақытта көптеген азаматтар саяси белсенділік танытты. Соның нәтижесінде ҚКХП мүшелерінің қатары көбейді. Бұл партияның халықпен бірге екенінің белгісі, – деді Владимир Скуридин.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

Костанай 7ноября 8Костанай 7ноября 8Костанай 7ноября 8Костанай 7ноября 8

Please publish modules in offcanvas position.