Сейсенбі, 19 Қараша 2019 09:31

КОММУНИСТ-ЕРІКТІЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫН ТАРАТТЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бастамасымен қалада акция ұйымдастырылды. Оған қалалық полицейлер мен «Тайфун» әскери-патриоттық клубының еріктілері қатысты. Акция жол ережелерін сақтауды қадағалауға бағытталды.

Патрульдік полиция өкілдері жол-көлік ережелерін бұзған қостанайлық жүргізушілерге айыппұл түбіртегінің орнына қызыл буклет «сыйлады». Шара қар жауғаннан кейін ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Ал мұндай жағдайда жолда жүру қиындық тудырады. 

– Акция аясында автокөлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін және жолда сыпайылық пен ұқыптылықты сақтау туралы ескертпелер жазылған жадынамаларға ие болды, – деді ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшысы Владимир Скуридин.

ҚКХП еріктілері таратқан буклеттерде көлік жүргізушілеріне жауапкершілік пен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ескертілген.

«... Жол қозғалысы ережесін сақтаңыздар. Сонда сіздер апаттық жағдайларға себепші болмайсыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», – делінген ҚКХП еріктілері таратқан буклетте.

– Біз профилактика ретінде көлік жүргізушілеріне жол-көлік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткізіміз келді, – деді Владимир Скуридин.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері Қостанайда 119 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 7 адам қаза тауып, 130 адам түрлі жарақат алған.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.