Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:46

Коммунистер санға емес, сапаға мән береді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің активі бастауыш партия ұйымдарының желісін кеңейту тақырыбын талқылады.

Жиында коммунистердің қатары жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны айтылды.

Облыстық комитет өкілдері партия қатарына екінің бірін қабылдай беруге болмайтынын, партия мүшелігіне марксизм-ленинизм негіздерін жақсы білетін жандар ғана өтуі тиіс екенін алға тартты. Олардың ойынша, партия санға емес, сапаға мән беруі тиіс.

Облыстық комитеттің екінші хатшысы Владимир Скуридин партияның жобаларын тілге тиек етті.

«Шапағат» халықтық жобасы өзін-өзі ақтаған жоба болды. Осы жоба аясында коммунистер жақсылық жасап жарысты. Біздің партия қоғамда әлеуметтік әділдік орнату арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғаса береді», - деді ол.

Оның мәлімдеуінше, коммунистер қоғамды батыстың жалған құндылықтарынан арашалау арқылы қазақстандықтарды өзіміздің дәстүріміз бен салтымызды дәріптеуге шақырады. Өзгенің қаңсығын таңсық қылудан қорғайды.

- Коммунистер туралы теріс түсініктен, теріс пікірден арылатын күн әлдеқашан туды. Тәуелсіздік алғаннан бері коммунистер халықтың жоғын жоқтап, ұпайын түгендеп келеді. Бізді қолдайтын жақтастар көп. Біз солардың сенімін ақтауға тиіспіз, - деді Владимир Скуридин.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

WhatsApp Image 2019 09 06 at 21.13.07WhatsApp Image 2019 09 06 at 21.13.07WhatsApp Image 2019 09 06 at 21.13.07WhatsApp Image 2019 09 06 at 21.13.07

Please publish modules in offcanvas position.