Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 09:43

КОММУНИСТЕР ҚОНАЕВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЖҮГІРІС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Оцените материал
(2 голосов)

Қостанайда ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевтың 108 жылдығына орай жеңілатлетикалық жүгіріс ұйымдастырылды. Оған ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің коммунистері де белсене қатысты.

Спорттық шараға қатысушылар түрлі номинациялар бойынша сынға түсіп, марапатталды. Атап айтқанда, олардың жасы, дайындығы, жынысы есепке алынды. Сонымен қатар, жүгіріске әуесқойлардан бөлек, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлде алып жүрген кәсіби жеңіл атлеттер де қатысып, бақ сынады.

Шараның ашылу рәсімін ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің өкілдері өткізді. Облыстық комитеттің екінші хатшысы Владимир Скуридин сөз сөйлеп, даңқты отандасымыздың өмір жолы туралы әңгімеледі. Өз кезегінде жеңіл атлеттер спорттық шараны ұйымдастырған облыстық комитетке ризашылықтарын білдірді.

Осылайша, қостанайлықтар жарыс жолына шықты. Олар үшін басты мақсат жүлде алу емес, шараға қатысу еді.

– Бүгін салауатты өмір салты жеңіске жетті, – деді жарыстың қорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттаған коммунистер.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12KostZabegKonayev 12

Please publish modules in offcanvas position.