Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019 15:11

Әділетсіздікке жол жоқ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП-ның қоғамдық қабылдау құру бастамасы халық арасында қолдау тапты. Соның айқын айғағы жыл сайын көмек сұрап келушілердің саны артып келеді.

 

Қостанай облыстық комитеті қоғамдық қабылдауының заңгері Гүлнар Өтегеноваға «Химик» ПИК-ке қатысты шағыммен қала тұрғыны хабарласты.  ПИК басшылығы Жарғыны бірнеше рет бұзған, сөйтіп әділет талап еткен кооператив мүшелерінің наразылығын тудырған. Қоғамдық қабылдау заңгері араласқаннан соң сот пәтер иелерінің талабын қанағаттандырды.

Затобол ауылының тұрғыны көпшілік жүретін жолды жеке басының қажеттілігі үшін заңсыз иемденіп алған көршісімен күресіп келеді. Мемлекеттік меншік болып есептелетін су құбыры мен кәріз сияқты коғамдық коммуникациялар үйдің аумағынан өтеді, бірақ ол жеке иелікте болмауға тиіс. Үй аумағында көшеге жарық беретін бағана тұр, бұл да заңға қайшы. Көшені қоршап алған көрші ені бір метрден сәл асатын өтетін орын қалдырған. Бұл жерден автокөлік, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі техникалар өте алмайды. Заңгер де, шағымданушы да бұл істі соңына дейін жеткізуді көздеп отыр.

Please publish modules in offcanvas position.