Жұма, 11 Қаңтар 2019 09:37

Павлодарда «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алғашқы жұмыс отырысы өтті

Оцените материал
(0 голосов)

9 қаңтар күні ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғыманова сарапшы топтың мүшесі ретінде «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алғашқы жұмыс отырысына қатысты. Отырыс аймақтың бас дәрігерлері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасында өтті.

 Кездесу барысында Павлодар облысы МҚІСЖҚА департаменті жанындағы жобалық кеңсенің таныстырылымы өтті. Сонымен қатар облыстық ауруханалардың бас дәрігерлері  жеке жауапкершілік туралы құжатқа қол қойды. Бұған қоса тәуелсіз сарапшылардан, жобалық кеңсе мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінен тұратын жобалық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін анықтаумен, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюмен және денсаулық сақтау саласында жайлы орта құрумен, сонымен қатар мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстарды қабылдаумен айналысатын болады.

Жобалық топтың жұмысы 2019 жылдың 10 қаңтарынан басталады. 

Pavljan19Statya 4Pavljan19Statya 4Pavljan19Statya 4Pavljan19Statya 4

Please publish modules in offcanvas position.