Дүйсенбі, 07 Қазан 2019 09:37

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы, арнайы мониторинг тобының мүшесі Гауһар Нұғманова қалалық мәслихаттағы әріптестерімен бірге қала маңындағы елді мекендерді аралап қайтты. Мониторинг жергілікті сумен жабдықтау желілерін жобалауға және салуға қатысты өткізілді. Топ мүшелері мердігер компаниялардың өкілдерімен кездесіп, халықпен тілдесті.

Мониторинг тобының мүшелері Зеленстрой, Ленин және Теміржолшылар кенттерінде болды. Қазіргі уақытта аталған елді мекендерде бес су құбыры салынып жатыр. Жоба мердігерлері – «Ай Су Мелиорация» және «Евростандарт Аква» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

– Жобаның негізгі мақсаты – Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерін тұрмыстық және жалпы қолдануға қажетті сапалы сумен қамтамасыз ету, – дейді Гауһар Нұғманова.  

Зеленстрой кентінде қазірдің өзінде 7 мың метрден астам сумен жабдықтау желілері тартылып, 115 құдық орнатылған. Сондай-ақ Ленин кентінде 8 мың тер желі мен 77 құдық қойылған. Мұндай жұмыстар Теміржолшылар кентінде де жалғасуда. Қазір мұнда 6400 метр желі тартылып, 63 құдық орнатылыпты.

Қазақстандық коммунистер өңірлерді сумен жабдықтау желілерімен қамту мәселесімен көптен бері айналысып келеді. ҚКХП парламенттік фракциясының депутаттары отырыстарда «Ауыз су» бағдарламасының, кейін оны алмастырған «Ақ бұлақ» жобасының мәселелерін бірнеше рет көтерген болатын.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.