Жұма, 08 Қараша 2019 11:04

ТАРИХТА ТАҢБА ҚАЛДЫРҒАН КҮН

Оцените материал
(0 голосов)

Павлодар облысының коммунистері Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдық мерейтойын атап өтті.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің, Екібастұз қалалық комитетінің және аудандық комитеттердің белсенділері В.Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

– 7 қараша – барлық ел үшін басты мерекелердің бірі болған. Өмірдегі барлық өзгерістерге қарамастан, Ұлы Қазан революциясының мерекесі біз үшін әлі күнге дейін ең қымбат және ең жақын мереке болып табылады, – деді ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова.

Салтанатты жиын барысында қатысушылар кеңестік биліктің Қазақстанда қалай орныққанын еске алды. Олар қазақстандықтарды ата-бабаларының істері мен жетістіктерін ұмытпауға шақырды.

– Бұл күн тарихқа терең бойлап, өткенді еске алатын елеулі күн, – дейді коммунистер.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

Pavl7Nov 2Pavl7Nov 2Pavl7Nov 2

Please publish modules in offcanvas position.