Сейсенбі, 19 Қараша 2019 09:51

КОММУНИСТЕР «ҚЫЗЫЛЖАР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Кенжекөл ауылындағы «Қызылжар» шаруа қожалығында көшпелі жиын ұйымдастырды.

«Қызылжар» шаруа қожалығының өкілдері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің басындағы проблемаларды жақсы біледі. Негізінен қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда ірі қара мен жылқы өсіріледі. Қожалықтағы жұмыстың дені заманауи техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Аяз түсіп, боран соққан сәттерде жағдай қиындай түседі. Өйткені еліміздегі инженерлік желілердің инфрақұрылымы анау айтқандай жақсы емес.

– Ауылда проблема жетерлік. Оның бәрі ауылдардың толыққанды дамуына кедергі келтіреді. Ең бастысы жастардың ауылдан жылыстауына алып келеді, – дейді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Гауһар Нұғманова.

ҚКХП ауыл шаруашылығын жандандыру және жергілікті фермерлердің өмір сүру деңгейін арттыру туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Коммунистердің пікірінше, ауыл шаруашылығы саласы Қазақстан экономикасын жаңа сапалық деңгейге көтере алады. Бұл жердегі әңгіме мал шаруашылығының дамуы мен егіс алқаптарының ұлғаюына ғана қатысты емес, сонымен қатар тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын инфрақұрылым салу, ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту және техникаларды өндіру бағыттарын да қамтып отыр. Сонымен қатар әлемдік нарықтағы ахуал бұған толықтай ықпал етеді және азық-түлікке деген сұраныс өсіп келеді. Алдағы онжылдықта да осы тенденция сақталады деп күтілуде.

– Бұл жағдай Қазақстан үшін тиімді екені даусыз. Алайда біз бүгін мүлдем басқа көрініске куә болып отырмыз. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы ақсап тұр, – деді Гауһар Нұғманова.

Коммунистер тығырықтан шығудың бірнеше жолын ұсынып отыр. Ұсыныстардың қатарында мамандандырылған аграрлық банк құру, «Кооперация туралы» заңды ауылда кеңінен қолдану секілді бағыттар бар.

Шаруашылық өкілдері ҚКХП-ның ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Оларды агроөнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қызықтырды. 

– Мал шаруашылығы ауыл тұрғындары үшін дәстүрлі сала. Ал ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды бағыттарының бірі, – деді кездесуге қатысушылар.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

PavlSelhoz

Please publish modules in offcanvas position.