Жұма, 06 Қыркүйек 2019 09:59

Бастауыш партия ұйымдары белсенді болуы керек

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті белсенділерінің жиынында мезгіл мәселелері талқыланды.

 

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова аудандық деңгейдегі бастауыш партия ұйымдарының рөлін ерекше атап өтті.

– Бастауыш партия ұйымдары жергілікті мәселелер және олардың шешілуіне қатысты ұстаным қалыптастыру қызметін атқарып келеді. Осылайша олар өздеріне жақтас жинап жүр, –  деді Г.Нұғманова.

Бастауыш партия ұйымдары қоғамда белсенді болуға тиіс. Жергілікті азаматтарға көмек көрсету, кеңес беру де солардың міндеті. Бұл жауапкершілікті, біліктілікті және ішкі тәртіпті талап етеді.

– Бастауыш партия ұйымдарын қолдау – партияның маңызды ісі, – дейді коммунист Г.Нұғманова. Оның сөзінше, адамдар қатардағы коммунистерге қарап, партия туралы ой қалыптастырады.

Басқосуда Павлодар облыстық комитетінің өкілдері «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысын жариялады. Іс-шара барысында ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің белсенділері үгіт-насихат парақшалары мен «Коммунист Казахстана» журналын таратты.

P90904 151841P90904 151841

Please publish modules in offcanvas position.