Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 17:21

ӨМІР МЕН ӨЛІМ ТАЙТАЛАСҚАН СОҒЫС

Оцените материал
(2 голосов)

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толды. Осыған орай ҚКХП Павлодар облыстық комитеті әскери іс-қимылдарға қатысқан интернационалист-жауынгерлермен және ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.

Ауған соғысы Ұлы Отан соғысынан кейінгі ең ұзақ соғыстардың бірі болды. 9 жылдан астам уақытқа созылған соғыс 15 мың кеңес азаматының өмірін жалмады. 1988 жылы мамырда КСРО Ауғанстан аумағынан әскерін шығара бастады. 1989 жылы 5 ақпанда Кеңес армиясының Ауғанстандағы ең соңғы бөлімшесі елге оралды.

– Мен екі жыл сапер болып, түрлі операцияларға қатыстым. 1988 жылы

2 тамызда біз Қандағардан жауынгерлерді шығара бастадық. Басты міндет – адам шығынына жол бермеу болды. Тапсырманы мүлтіксіз орындап шықтық, – деді ардагер Кенжебай Әміров.

Әскери міндетін орындау барысында Кенжебай Әміров екі көзінен қатты жараланады. Кейін соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.

– Қорқынышты болды, бірақ бір рухымызды сындырған жоқпыз. Қоян-қолтық төбелеске, атысқа қатыстық. Мәскеу түбіндегі панфиловшылар секілді барлығын көрдік, барлығына көндік, – деп өткен күндерді еске алды қанды қасапқа қатысқан Асқар Бесмегенов.

Өкініштісі, қазір сол кездегі солдаттардың ерлігі ескеріле бермейді. Ұлы

Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген ауған соғысының ардагерлері көп жағдайда жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғаудан тыс қалады

Бұл мәселені Парламенттегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары бұған дейін бірнеше рет көтерді.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

PavlAfgan 2PavlAfgan 2

Please publish modules in offcanvas position.