Жұма, 11 Қаңтар 2019 18:05

Балаларға арналған тосынсый

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Семей қалалық комитетінің белсенділері бірінші хатшы Оксана Шишкинаның басшылығымен «Шапағат» жобасы аясында Жаңа жылға арналған акция өткізді.

Коммунистер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа жылмен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Тосынсыйға риза болған балалар тақпақ айтып, ән шырқады, ал ата-аналар ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.

Тосынсыйға бөленгендердің қатарында көпбалалы отбасы Тарабановтар әулеті бар. Отбасында 6 бала бар, олардың бесеуі жастары кәмелетке толмағандар. Отанасы Наталья Тарабанова: «Балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет!» деп коммунистерге алғысын білдірді.

SemShap19 2SemShap19 2

Please publish modules in offcanvas position.