Жұма, 25 Қаңтар 2019 16:56

ШҚО коммунистері тұрғындарды «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалдарымен таныстырды

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері «Партия дауысы» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты Парламент пен Үкіметте әлеуметтік-экономикалық саланың өзекті мәселелерін көтеріп жүрген «Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының қызметін насихаттау болды. Соңғы жарты жылда ҚКХП депутаттары кітапхана саласының жағдайы, Семей қ. Онкология диспансері жанында Ядролық медицина орталығының құрылысы пен эксплуатациясы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мәселесі, ТКШ коммуналды қызмет тарифтерінің өсуі және т.б. маңызды әлеуметтік тақырыптағы сауалдарды жолдады.

Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері мен қызметкерлері депутаттық сауалдардың мәтіндерін қала және облыс мәслихаты жетекшілері, ШҚО Қоғамдық кеңесінің сарапшылар тобы мүшелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен облыстық саяси партиялар бөлімшелерінің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет қызметкерлері арасында таратты.

Vk1Vk1Vk1Vk1Vk1Vk1

Please publish modules in offcanvas position.