Жұма, 15 Ақпан 2019 12:00

ШҚО коммунистері Ленинградтың фашистік блокададан азат болуының 75 жылдығына арналған іс-шара өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

27 қаңтар күні Ленинградтың фашистік блокададан азат болғанына 75 жыл болды. Өскемен қаласында осы тақырыпқа арналған қоғамдық пікірталас өтті. Өскемен экономика және қаржы колледжінде өткен іс-шараны ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті ұйымдастырды. 

Пікірталасқа ШҚО атқарушы билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, жастар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – ерлік мен қаһармандықтың, ұлтжандылықтың жарқын бейнесіне айналған тарихи оқиғаға қоғам назарын аударту.

Please publish modules in offcanvas position.