Бейсенбі, 28 Ақпан 2019 15:47

Семей қалалық комитеті байқау жеңімпаздарын марапаттады

Оцените материал
(0 голосов)

Семейде «Жастар жылына» арналған «Ұлы дала сазы» аты I аймақтық вокалдық байқау өтті.

Абай атындағы қалалық кітапханада аудандық, қалалық деңгейдегі іріктеу байқауларынан топ жарып шыққан үміткерлер өнер көрсетті. Байқауға 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында орындаушылар, ұйымдастырушылар, қонақтар болды. Байқау талантты жастарға қолдау көрсетуді, жақсы орындаушыларды табуды және өнерлі балалар мен жастардың достық қарым-қатынасын орнатуды көздеді.

ҚКХП Семей қалалық комитетінің жетекшісі Ольга Шишкина байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. «Балалар кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Бізге үздіктердің үздігін анықтау оңай болған жоқ», – деді ол.

5-7 жас аралығындағы балалар арасындағы байқауда бірінші орынды

Мария Савинова, 15-17 жас аралығындағы әншілер арасында  екінші орынды

Асыл Оразбаев, 11-14 жас аралығындағы өнерпаздар арасында үшінші орынды Аружан Даулетханқызы жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары грамотамен, кубокпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. ҚКХП Семей қалалық комитеті партияның атынан өнерлі өрендерге сыйлық сыйлады.

ҚКХП Семей қалалық комитетінің баспасөз қызметі

SemeyKomintern 5SemeyKomintern 5SemeyKomintern 5SemeyKomintern 5SemeyKomintern 5

Please publish modules in offcanvas position.