Жұма, 05 Сәуір 2019 12:47

ШҚО-да «Көктемгі шақырылым»

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылғы наурыз айының соңы мен сәуір айының алғашқы аптасында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері мен партияның Жастар қанаты Өскемен және Семей қалаларында ҚКХП қызметінің аймақтағы танымалдылығын арттыруға бағытталған акция өткізді. 

Акция барысында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мен Қазақстан Коммунистік жастар одағының мүшесі атануға шақыратын флаерлер таратылды. ШҚО коммунистері акцияны қаланың адамдар көп шоғырланатын көшелерінде және Өскемен қаласының  "Жастар" мен Жамбыл атындағы саябақтарында өткізді. 

Семей қаласында акция Ыбыраев көшесіндегі "Нива" дүкенінде, Чехов көшесіндегі "СМОК" көтерме базарында және Старая Крепость ауылында өтті. 

Парақшалар тарату барысында коммунистер партияның қызметі туралы айтып, облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауына шақырып, "Шапағат" халықтық жобасына атсалысуға үндеді.

VKOvesenPriz7VKOvesenPriz7VKOvesenPriz7VKOvesenPriz7VKOvesenPriz7VKOvesenPriz7VKOvesenPriz7

Please publish modules in offcanvas position.