Сенбі, 11 Мамыр 2019 10:35

ШҚО коммунистері Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 9 мамырында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Жеңіс күні аталып өтілді. Соңғы жылдары «Мәңгілік полк» мерекелік акциясын өткізу аймақ азаматтары арасында үлкен танымалдылыққа ие. Шығыс Қазақстанның халық коммунистері де бұл акцияға белсене қатысады.

Өскеменде өткен шеруге облыстық және қалалық ведомстволар, қоғамдық ұ       йым өкілдері, соның ішінде ҚКХП қатысты. Акция қатысушылары әскери әуеннің ырғағымен Ұлы Отан соғысы қатысушыларының портреттерін ұстап, Речной вокзалдан бастап Даңқ мемориалына дейін жүріп шықты. Мемориал алдында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. ҰОС майданында қаза болғандарды еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Кейін көк аспанға ақ шарлар ұшырылды. Мереке оркестр парадымен, әскери техника көрмесімен және театрландырылған музыкалық қойылымдармен жалғасты.

VKO 9MAY 3VKO 9MAY 3VKO 9MAY 3

Please publish modules in offcanvas position.