Сейсенбі, 03 Қыркүйек 2019 09:23

Шығыс Қазақстан облысының коммунистері Бобровка ауылында акция өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

29 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының коммунистері Бобровка ауылының орта мектебінде «Біз мектепке барамыз» акциясын өткізді. ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті ауыл тұрғындарымен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

Облыстық комитет қызметкерлері бұл ауылда әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде «Халық коммунистері» фракциясы депутаттарымен кездесу ұйымдастырған. Бұл жолы коммунистер Бобровка ауылына көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін келді. Акцияны ұйымдастыру барысында жергілікті мектеп басшылығы тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жасады. Олар үшін коммунистер «Бобровка +» фермасының қолдауымен мектеп формасы мен күнделік сатып алды.

Акцияға Бобровка орта мектебінде оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар, ауыл әкімдігінің өкілдері және ҚКХП облыстық комитетінің белсенділері жиналды. Олардың алдында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кәмшат Тұтбаева, әлеуметтік педагог Наталья Еремеева, ауыл әкімі Өмірбек Құрманғалиев және Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов сөз сөйледі. Шығыс Қазақстан облысы коммунистерінің жетекшісі оқушыларға мектеп формасы мен күнделік табыстап, сәттілік пен жақсы көңіл күй тіледі.

Оқушылардың ата-аналары атынан Елена Короткова мен Айзат Қандықбаева сөз сөйледі. «Халық коммунистеріне бізге көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз», - деді олар.

вко8вко8вко8вко8вко8вко8вко8вко8

Please publish modules in offcanvas position.