Сейсенбі, 03 Қыркүйек 2019 14:26

Шығыс Қазақстанның коммунистері «Өз құқығыңды біл!» акциясын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері  облыс орталығының көшелері мен саябақтарында «Өз құқығыңды біл!» акциясын өткізді. Акция барысында халық арасында Ата заңымыздың негізгі тармақтарына қатысты сауалнама жүргізілді.

ШҚ облыстық комитетінің белсенділері ең алдымен жаңа Арбат құрылысымен айналысып жатқан құрылысшыларды сауалнамаға тартты. Құрылысшыларға ҚР Конституциясының 24 бабында белгіленген жұмысшылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтар қойылды.

Кейін ҚКХП белсенділері Жамбыл атындағы саябаққа барып, демалушылармен сұхбаттасты. Саябақтағы демалушылар арасында денсаулық сақтау құқығы, адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай жасау, азаматтардың тарихи және мәдени мұраны сақтау міндеттері, табиғи байлықты сақтау және қорғау міндеті сияқты тақырыптар қозғалды.

Акция барысында 27 адам сауалнамаға қатысты. Олардың басым бөлігі конституциялық құқықтары мен міндеттерінен  хабардар. Бірақ заң бұзылған жағдайда өз құқықтарын қорғап шыққандар аз. 

 Сондықтан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар, соның ішінде ҚКХП халық арасына шығып, өзекті мәселелерді айқындап, олардың заң шеңберінде шешілуіне атсалысулары тиіс.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

777777

Please publish modules in offcanvas position.