Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 10:22

Коммунистер кәсіпорыннан бастауыш партия ұйымын ашуды ұсынды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті партия белсенділері және «Гидросталь» ЖШС ұжымымен «Бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту» деген тақырыпты талқылады.

Жиын Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің осы уақытқа дейін атқарған жұмысын қорытындылауды, партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдауды, сондай-ақ облыстық комитеттің еңбек ұжымдарымен ынтымақтастық орнатуын көздеді.

Іс барысында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері еңбек ұжымының алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдауының әлеуметтік тұстарын тілге тиек етті. 

Жиынның алғашқы бөлімінде облыстық комитеттің бірінші хатшысы

Шыңғыс Байдаулетов партияның жүзеге асырып жатқан жобалары жайлы сөз қозғады. Ол коммунистер ұйымдастырған «Шапағат», «Бiз мектепке барамыз», «Әкімге сұрақ қой» деген акцияларға қалың көпшілік белсене қатысқанын атап өтті.

Шыңғыс Байдаулетов ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті азаматтық қоғамның сын-ескертпесі мен ұсынысын дер кезінде жергілікті атқарушы билікке, ҚКХП Орталық аппаратына және Парламенттегі  «Халық коммунистері» фракциясына жолдап отыратынын айтты.

     Басқосудың екінші бөлімінде облыстық комитеттің екінші хатшысы Сергей Михеев  Президент жолдауының маңыздылығы мен өзектілігін түсіндірді. Ол Президенттің  халықпен кері байланыс орнату, отбасы және бала институтын қолдау сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдауды күшейту бастамасы өте өзекті екеніне тоқталды.

Екінші хатшы Президенттің жергілікті атқарушы биліктің жұмысын жандандыруға қатысты ұсынысы мезгіл мәселесі екенін айтты.

Сөзінің соңында Сергей Михеев жиналғандарға «Әкімге сұрақ қой» акциясы партияның жарқын әрі нәтижелі жобаларының бірі екенін жеткізді.

Шара шеңберінде ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшілері «Гидросталь» ЖШС басшысы Анатолий Синицынға «ҚКХП-ға 15 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті және кәсіпорыннан ҚКХП бастауыш партия ұйымын ашуды ұсынды.

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің баспасөз қызметі

вко15вко15вко15вко15вко15вко15вко15вко15

Please publish modules in offcanvas position.