Жұма, 08 Қараша 2019 09:31

СЕМЕЙ КОММУНИСТЕРІ ҰЛЫ ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Семей қалалық комитетінің коммунистері Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығын мерекеледі. 

Әдеттегідей әлемдегі алғашқы социалистік мемлекеттің құраушысы Владимир Лениннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Партия комитетінің бірінші хатшысы Оксана Шишкина шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазан оқиғаларының жетістіктерін санамалап берді. Бұл билікті қарапайым халық жүргізген, диктатурадан ада әлемде құрылған алғашқы социалистік мемлекет болатын. Осылайша Кеңес одағы әлемдегі үлкен күшке ие болды. Жаңа мемлекеттің әлемдік аренадағы абырой-беделі де аспандай түсті.

Сондай-ақ мереке қарсаңында КСРО Қарулы күштерінің ардагері Н.Устименкоға салтанатты түрде мерекелік медаль табыс етілді.

Партия активі мерекеге арналған шараны қалалық комитетте одан әрі жалғастырып, осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстарды қорытындылады және алдағы жоба-жоспарларды талқылады.

ҚКХП Семей қалалық комитеті

Semey7Nov 3Semey7Nov 3Semey7Nov 3

Please publish modules in offcanvas position.