Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 10:55

Семей қалалық комитеті актив жиналысын ұйымдастырды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Семей қалалық комитеті «Бастауыш партия ұйымдарының желісін кеңейту» деген тақырыпты талқылау үшін актив жиналысын өткізді.

Жиынға қатысқан 32 адам ҚКХП Семей қалалық комитетінің бірінші хатшысы Оксана Шишкинаның есебін тыңдады. Іс барысында бастауыш партия ұйымдарының желісін кеңейтуге қатысты ұсыныс айтылып, партия қатарына қабылданғандарға партия билеттері табысталды. Сонымен қатар аудандық комитеттің белсенділері ҚКХП-ның 15 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

Бірінші хатшының баяндауынша, жарты жылда қалалық комитет

160-тан астам іс-шара ұйымдастырған. «Шапағат» халықтық жобасы аясында

қолдауға мұқтаж 48 отбасыға көмек көрсеткен. «Бiз мектепке барамыз» акциясы барысында Семей қаласы мен Новопокровка ауылындағы көпбалалы және аз қамтылған 31 отбасыға мектеп формасы, оқу құралдары және күнделік табыстаған.

Жиынға қатысушылар қаладағы колледждермен тығыз қарым-қатынас орнатып, жастарды партияның іс-шараларына жұмылдыру қажеттігін айтты.

«Жастарды қызықтыру арқылы партия қатарын жаңа күшпен толықтыруға болады», - деді коммунистер.

Келесі ұсыныс салалық комиссия құрамындағы жұмысты жандандыруға қатысты болды. Коммунистер партия Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ардақтау арқылы оқушылар мен студенттерге патриоттық шара ұйымдастырып отыруға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым құру, шағын және орта бизнес өкілдерімен байланыс орнату, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу сынды маңызды мәселелерді күн тәртібіне қойды.

Іс барысына соғыс және партия ардагері М.Червинский партия қатарына қабылданғандарға партиялық билетін тапсырды.

ҚКХП Семей қалалық комиеті

Семей 1
Семей2

Please publish modules in offcanvas position.