Бейсенбі, 21 Қараша 2019 09:20

КОММУНИСТЕР ЖЕКЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің активі Алтай аудандық комитетінің хатшысымен бірге кәсіпкер Александр Филипповтың фермерлік шаруашылығында болды. Мұнда мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

Фермер А.Филиппов жем-шөптің қымбаттығына, кадрдың жетіспеушілігіне және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың төмендігіне байланысты мал басын көбейте алмай келеді. Оның айтуынша, несиелік секторда қолайлы климат құру қажет. Мемлекет мал шаруашылығы саласын дамытуға мүдделі болуға тиіс. Сондай-ақ жоғары сапалы ет өнімдерін сату үшін жағдай жасау қажет. Шаруалар өндіретін ет шетелдік және жергілікті ірі ет кәсіпорындарымен бәсекеге түсе алмайды. Қолда өсірілетін жануарлардың еті стимуляторлардың көмегімен өсірілетін шетелдік өнімдермен немесе ірі мал фермаларының етімен салыстырғанда әлдеқайда дәмді. Бірақ дүкенде олардың бәрі бір бағамен сатылады. Салдарынан жеке фермерлердің пайдасы бір жарым есе аз болады. Яғни шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ірі бизнес өкілдерімен бәсекелесе алмайды. Фермер жем-шөпке мемлекеттік субсидия үлестіріліп, 3-5 жылға емес, 10 жылға ұзақмерзімді несие берілсе екен дейді. Сондай-ақ несие көлемі кем дегенде 15 миллион теңгеге дейін ұлғайтылса деген тілек айтты. Бұдан бөлек, бөлшек саудадағы ет бағасын қолдан теңестіруден бас тарту керек деп есептейді. Сонда ауылдағы орта және шағын бизнес адамдар үшін шынымен пайдалы болмақ.

Өз кезегінде коммунистер ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайды жақсарту туралы ұсыныстарын айтты. Фермер коммунистердің ұсынысын қолдады.

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.