Бейсенбі, 28 Қараша 2019 15:36

КОММУНИСТЕР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨТІНІШІН ОРЫНДАДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Семей қалалық комитетіне қала зейнеткерлері өтініш айта келіпті. Оларға демалыс күндері бас қосып, кездесу ұйымдастыратын жер керек екен.

Зейнеткерлер кейде қалалық Мәдениет үйінде кездесіп, түрлі ойындар ойнап, биге қатысып көңіл көтереді екен. Алайда мұндай жағдай үнемі бола бермейтін көрінеді. Сондықтан олар коммунистерге аталған мәселені шешіп беруді өтінді.

Атап өтерлігі, олардың дені жалғызбасты адамдар. Сол себепті үйде отырғылары келмейді. Салауатты өмір салтын ұстанып, өмірді қуанышпен өткізгілері келеді. Олардың бәрі ел үшін аянбай еңбек еткен жандар. Қазір құрметті еңбек демалысында.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Оксана Шишкина зейнеткерлердің үніне құлақ түріп, мәселелерін шешіп берді. Енді олар әр жексенбі сайын Кәсіподақтар үйінің акт залына келіп, бос уақыттарын өткізеді. Мұнда бимен айналысуға, ойын ойнауға, мерекелік іс-шара ұйымдастыруға жағдай жасалған. Ал қалалық комитеттің белсенділері оларға түрлі кездесулер өткізуге қол ұшын созбақшы.

Бұдан бөлек, айына екі мәрте қалалық комитеттің кеңсесінде

зейнеткерлер арасында шахматтан турнир ұйымдастырылады.

Қалалық комитеттегі алғашқы кездесу ойдағыдай өтті. Зейнеткерлерге дастархан жайылып, 86 жасқа толған қарияның туған күні салтанатты түрде атап өтті.

Қарт адамдар қалалық комитеттің коммунистеріне ризашылықтарын білдірді.

ҚКХП Семей қалалық комитеті

SemeyGorkom 4SemeyGorkom 4

Please publish modules in offcanvas position.