Жұма, 06 Қыркүйек 2019 09:23

Алтай ауданының оқушыларына мектеп формасы табысталды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алтай аудандық комитетінің хатшысы Жанар Байдаулетова бастаған партия белсенділері №11 орта мектепте «Біз мектепке барамыз» акциясын өткізіп, көпбалалы сондай-ақ тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларға 25 дана мектеп формасы мен оқу құралдарын және күнделік табыстады.

Салтанатты шараның ашылуында мектеп директоры Людмила Скрипник сөз сөйледі. Ол Қазақстан Коммунистік халық партиясы әлеуметтің осал тобына қол ұшын созуды дәстүрге айналдырғанын және бұл бастама жылдар бойы үздіксіз жалғасып келе жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде ата-аналар комитетінің өкілі Ольга Кошлева аудандық комитеттің белсенділеріне мектеп оқушыларына көмек көрсеткендері үшін алғыс айтты. Алтай аудандық комитетінің хатшысы Жанар Байдаулетова оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік пен табыс тіледі.

«Әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын. Білім алуға, алған білімді тиісінше пайдалануға тырысыңыздар!» – деді Ж. Байдаулетова.

ҚКХП Алтай аудандық комитеті баспасөз қызметі

Please publish modules in offcanvas position.