Сәрсенбі, 24 Сәуір 2019 12:10

Солтүстік Қазақстанның коммунистері сенбілік өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

В.И. Лениннің 149 жылдығы қарсаңында - 18 сәуір күні ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті әлем пролетариаты көсемінің ескерткіші маңында сенбілік өткізді. Дәл 18 сәуір күні Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күні (Дүниежүзілік мұра күні) аталып өтіледі.

Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күні 1984 жылдың 18 сәуірінен бастап жыл сайын аталып келеді. Бұл күнді атап өту идеясы ғалымдар, сәулетшілер, реставраторлар, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік органдарының қызметкерлері тарапынан туындаған. Бұл идеяны дүниежүзілік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне бұқараның назарын аудару мақсатында ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық кеңес ассамблеясы (ИКОМОС) 1983 жылы бекітті. Осылайша, ескерткіштер мен тарихи орындар күні алғаш рет мемлекетаралық деңгейде 1984 жылдың 18 сәуірінде аталып өтті.

Дүниежүзілік мұра күнін атап өту аясында мәдени мұраларды сақтау және қорғау мәселелеріне арналған конференциялар мен өзге де іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, кейбір музейлер бұл күні тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жай күндері көпшілікке жабық болатын тарихи орындар мен сәулет кешендеріне бару мүмкіндігі туады.

SKOLeninaprel19 5SKOLeninaprel19 5SKOLeninaprel19 5SKOLeninaprel19 5SKOLeninaprel19 5

Please publish modules in offcanvas position.