Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 13:27

Ауыл оқушылары СҚО коммунистерінен жаңа оқу жылына сыйлық алды

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 21 тамызында ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері Ақ қайың ауданының Ленинск ауылында «Біз мектепке барамыз» атты акция өткізді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында коммунистер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан 18 мектеп оқушысына мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады.

Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған оқушылар партия өкілдеріне жақсы оқуға уәде берді, ал олардың ата-аналары коммунистерге алғыс айтты.

Акцияға еріктілер мен қарапайым отбасылар көмектесті. Олар ҚКХП-ның әлеуметтік бастамаларын қолдап, мұқтаж жандарға жақсылық жасады.

Солтүстікқазақстандық коммунистер «Біз мектепке барамыз» акциясына қолдау көрсеткен қайырымды жандардың барлығына ризашылығын білдіреді.

69266520 2387531664668179 7747065243188068352 o69266520 2387531664668179 7747065243188068352 o69266520 2387531664668179 7747065243188068352 o68611940 2387531768001502 6891288658658197504 o

Please publish modules in offcanvas position.