Сенбі, 05 Қазан 2019 09:25

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы талқыланды. Коммунистер бастамашы болған пікір алмасуға «Ауыл» және ЖСДП партиясының облыстық филиалдарының өкілдері қатысты.

Шара модераторы, Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің басшысы Сергей Мартемьянов жолдаудың негізгі тұстарын тілге тиек етті. Құжаттың негізгі бағыттарының бірі азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи, тиімді мемлекет құру. Бұл қарқынды дамыған инклюзивті экономиканы қалыптастыру және әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңдеріне көшу деген сөз.

Көпшілік коммунистердің өңірлердің дамуы елдің біртұтастығының кепілі екенін талай мәрте көтеріп, дабыл қаққанын жақсы біледі. Бұдан бөлек, бұқара халықтың өтініш-тілектерін жауапсыз қалдырмайтын мемлекет құру концепциясы да әңгімеге өзек болды.

– Президент Әкімшілігінде мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын және жедел шарар қабылдауға мүмкіндік беретін бөлім құрылды, – деді С.Мартемьянов.

Осы орайда коммунистердің көптен бері қоғамдық қабылдау желісі арқылы халықпен кері байланыс орнатып келе жатқанын атап өтуге тиіспіз. Ал ҚКХП виртуалды қабылдау бөлмесі азаматтарға «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттарымен тікелей байланысқа шығуға  мүмкіндік береді.

С.Мартемьянов биылғы жолдауда алғаш рет биік мінбеден елдің барлық жасампаз саяси күштерін біріктіруге ресми түрде үндеу тасталғанын атап өтті.

– Біз қоғам мүддесі үшін сындарлы саясат жүргізетін басқа саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе жұмыс істеуіміз керек, – деді ол.

ЖСДП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің басшысы Владимир Андриевский де демократиялық азаматтық қоғам мен күшті әлеуметтік мемлекет құру үшін партиялар арасында бірлік керек деп есептейді.

– Жолдаудың тек бір ғана бөлігі жүзеге асырылса да, бұл қазақстандықтардың өміріне оң әсер етеді, – деді Владимир Андриевский. Ал «Ауыл» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық құрылымының басшысы, экономика ғылымдарының докторы Иван Кендюх «ауылдықтардың» Парламентпен ынтымақтастық орнату бағытындағы қадамдары сәтсіз болғанын жеткізді. Ол партия ынтымақтастық орнатуға әзір екенін айтты.

И.Кендюх өңірлерде ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа әдістері мен ауыл шаруашылық өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігіне жаңа көзқарас керектігі туралы ойымен бөлісті. Оның ұсыныстарын қатысушылар бір ауыздан мақұлдады.

С.Мартемьянов шараны қорытындылай келе, мұндай кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын және алдағы уақытта жалғасын табатынын  атап өтті.

Партия мүшелері келесі кезекте Қазақстандағы білім беру мәселесін, атап айтқанда «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылауды жоспарлап оты.

Маргарита Никитина

SKODeystvSoobs 5SKODeystvSoobs 5SKODeystvSoobs 5SKODeystvSoobs 5SKODeystvSoobs 5

Please publish modules in offcanvas position.