Жұма, 08 Қараша 2019 12:42

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММУНИСТЕР МЕРЕКЕЛІК СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығын ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

Мереке құрметіне жергілікті коммунистер Петропавлда қоғамдық жұмыс күнін ұйымдастырып, В.Лениннің үш ескерткішінің жанын тазалады.

Ленин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойғаннан кейін, ҚКХП белсенділері революцияға қарсы күресте Кеңес үкіметі үшін қызмет еткен жандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын апарды.

Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ғимаратында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қатысушылар тарихқа қысқаша шолу жасады. Солтүстік Қазақстанда Кеңес үкіметінің қалай орнағанын еске алды.

– Бұл адамзат өркениеті тарихындағы жаһандық әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бастауы болған революция. Жұмысшылар мен шаруалардың Ресей империалистік капиталын жеңуі Кеңес үкіметінің орнауына және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуына алып келді, – деді ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Серей Мартемьянов.

Жиын соңында коммунистер өз қатарларына жаңа мүшелерді қабылдады. Көп жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Николай Кондрахин, теміржол инженері Анастасия Драницина және студент Роман Тонконогов партия билеттеріне ие болды.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті

SKO7Nov 3SKO7Nov 3SKO7Nov 3

Please publish modules in offcanvas position.