Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 09:30

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ КЕРЕК

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған қоғамдық талқылау өткізді. Оған облыстық Қоғамдық кеңестің және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің басшылары, «Ауыл» және «ЖСДП» партиялары филиалдарының жетекшілері, әкімдік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствасының қызметкерлері қатысты.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов Ауыл шаруашылығы министрлігі негізгі күш пен ресурстарын шоғырландырып отырған бірнеше маңызды бағыттарды атап өтті. Оған агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігі, нарықта болуы және экспорттың дамуы, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі және тағы басқалар жатады.

– Биыл Қазақстандағы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артты. Алайда, ауыл шаруашылығына инвестицияның өсуі саланың экономикалық әсерінен әлдеқайда жоғары. Өнімділік бар-жоғы 3,6 пайызға өсті, – деді Сергей Мартемьянов.

Неліктен инвестиция мұндай әлсіз әсер береді және онымен қалай күресуге болады? Қатысушылар осы сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

«Ауыл» партиясы облыстық филиалының жетекшісі Иван Кендюх «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын дамыту қажет деп санайды. Осылайша, ауыл инфрақұрылымын көтеріп, агроқалашық салып, кооперацияны жандандыруға болады. 

– Ауыл шаруашылығындағы мамандықтарға бөлінетін грант санын көбейту қажет, – деді Иван Кендюх.

Оны жергілікті қоғамдық кеңестің басшысы Қайырлы Ыдырысов  қолдады.

– Бізге мамандар керек? Ал оларды қайдан аламыз? Ауыл шаруашылығы колледждері білім басқармаларынан алынып, ауыл шаруашылығы басқармаларына берілуі керек. Бұрын солай болған және ол өз нәтижесін берді, – деді Қайырлы Ыдырысов.

Фермерлер одағының жергілікті филиалының басшысы Есенгелді Карбаев мемлекеттің ауылға немқұрайлы қарайтынын атап өтті.

– Ауылға барып, жағдаймен таныспай ауылдың тағдырын шешу, болашағын анықтау белең алды. Сондай-ақ барлық жайылымдық жерлерді тексеру керек. Болашақта бұл жерлер тиісті рәсімдерден өткеннен кейін мемлекеттің меншігіне айналуы мүмкін, – деді Есенгелді Карбаев.

Қатысушылар Қазақстанда жайылымдық жерлер мен лизингтік техникалар сатылатын өндірістік жәрмеңкелердің жоқтығын алға тартты. Олардың айтуынша, тағайындалған аудан әкімдері мен «Болашақпен» шетелде білім алып келгендердің ауылдық жердегі тәжірибесі жетіспей жатады. Сондай-ақ елдің ауыл шаруашылығы саласы ұзақ мерзімді жоспарлауды қажет етеді.

– Нарықтық экономика бізде тамыр жайған жоқ және мұнымен сіздер де келісесіздер, – деді кәсіпкер-коммунист Мұрат Алдабергенов.

Шара соңында айтылған барлық ұсыныстар ескеріліп, қарар қабылданды. Құжат ҚКХП Орталық Комитетіне, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясына және Солтүстік Қазақстан облыстық комитетіне жолданды.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті

SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9SKOSelo 9

Please publish modules in offcanvas position.