Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:40

«Ерлік сабақтары» жобасы жүзеге асырылады

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің коммунистері мектеп оқушыларына Ұлы Отан соғысының қаһармандарын, оның ішінде Ленинградты қорғаған батырларды үлгі етіп көрсетпек.

Облыстық комитетте өткен жиында бастауыш партия ұйымдарының желісін кеңейту және жастармен жұмыс мәселесі қаралды.

Бірінші хатшы Сергей Мартемьянов коммунистердің осыған дейін атқарған жұмысын оң бағалады. Ол ҚКХП өкілдері сайлау кампаниясын өз дәрежесінде ұйымдастырғанын мәлімдеді.

- Солтүстік Қазақстан облыстық комитетіне қарайтын 7 аудандық комитет міндетін мінсіз атқарып отыр. «Көктемгі шақырылым» акциясы ойдағыдай ұйымдастырылды.  «Шапағат» халықтық жобасы мен «Біз мектепке барамыз» акциясы да көпшіліктің көңілінен шықты. Коммунистерге күні бүгінге дейін көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың өкілдері алғыс айтып жатыр, - деді Сергей Мартемьянов.

Жиында коммунистердің қатары ерекше қарқынмен көбейіп жатқаны айтылды.

- Партияға кәсіпкерлер, өндіріс басшылары, инженерлер, технологтар, студент-жапстар қабылданды. Олардың коммунистердің идеясы мен ұстанымын насихаттауға күш жұмсап жатыр, - деді ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Басқосуда ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанатының жетекшісі Дархан Теміртас пікір білдірді.

- Коммунистерге жастар арасында насихат жұмысын күшейту керек. Бізді қолдайтын, бізбен бірге болғысы келетін жастар көп.  Оларға бағыт-бағдар беріп, жол көрсетсек, партиядағы жастардың қарасы қазіргіден бірнеше есе ұлғаяды, - деді ол.

Партия қатарына қабылданған жаңа мүшелер белсенділігімен көзге түсіп жатыр екен. Бұл туралы Сергей Мартемьянов: «Біз алтыншы отбасылық марафон өткіземіз. Оған оқушылар, олардың ата-аналары, коммунистер және біздің жақтастар қатысады. Солардың арасында партияның жаңа мүшелері бар.  Олар осы шараға атсалысуға ерекше қызығушылық танытып отыр»,- деді.

Коммунистер болашақта «Ерлік сабақтары» деген жобаны жүзеге асырады. Сергей Мартемьяновтың мәлімдеуінше, жастарға Петропавл қаласында жасақталған 314- атқыштар дивизиясы туралы деректі фильм көрсетіледі.

- Бұл фильмді ленинградтықтар түсірген. Туынды біздің батырларымыздың ерлігін насихаттауға арналған, - деді ол.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті

DSC 2447DSC 2447

Please publish modules in offcanvas position.