Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020 10:16

ЕРЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің коммунистері «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды. Мақсат – ҚКХП-ның ел ішіндегі танымалдылығын арттыру, партияның имиджін көтеру, көпшілікті оның бағдарламасымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру. Сондай-ақ, ел Парламентіндегі «Халық коммунистері» фракциясының жұмысын көрсету.

Облыстық комитеттің белсенділері қала көшелерінде депутаттық сауалдар жазылған үнпарақтарды таратты. Әсіресе, ҚКХП атынан сайланған депутат Владислав Косаревтің депутаттық сауалы Петропавл тұрғындары тарапынан ерекше қолдау тапты. Халық қалаулысы соңғы сауалдарының бірінде мемлекеттің экономикалық күш-қуатын арттырған Социалистік Еңбек Ерлеріне ерекше көзқарас керектігін көтерген болатын. Бүгінде Қазақстанда 60 Социалистік Еңбек Ері тұрып жатыр.

«... Олардың қатарында миллиондаған адамға үлгі-өнеге болған ауыл шаруашылығы саласының құрметті қызметкерлері мен басқа да атақты адамдар бар», – деген болатын В.Косарев өзінің депутаттық сауалында.

Бір кездері бұл адамдар мемлекет қамқорлығына алынған. Қазір олардың барлығы құрметті демалысқа шықты. Олар 9,6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Қазіргі уақытта бұл 24 мың теңгеге тең.

«Халық коммунистері» фракциясы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнен Социалистік Еңбек Ерлеріне берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыны қазіргі мөлшерден кемінде он есе арттыруды сұрады.

«Мұндай мемлекеттік қолдау еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетудің тағы бір қадамы болар еді», – деп есептейді коммунистер.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті

SKOBlagod 4SKOBlagod 4SKOBlagod 4SKOBlagod 4

Please publish modules in offcanvas position.