Бейсенбі, 12 Қыркүйек 2019 11:01

Отбасылық марафон

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті Отбасы күнін ерекше акциямен атап өтуді дәстүрге айналдырған. Таяуда коммунистердің ұйымдастыруымен VI Отбасылық марафон өтті.

Жалпыхалықтық жүгіру «Жастар» қалалық стадионында өтті. Салтанатты түрде ашылған шара шеңберінде бастауыш сынып оқушылары үшін флешмоб ұйымдастырылды. Балалар жаттығу жасап, спорттық бидің бірнеше нұсқасын көрсетті.

- Жүгіру ара-қашықтығы жас айырмашылығына қарай ерекшеленді. Бірінші сынып оқушылары  400 метрге, 11 сынып оқушылары 3 мың метрге жүгірді, - деді ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы

Сергей Мартемьянов.

Марафонға балалар ғана емес, ересектер де қатысты.

- Петропавл қаласында алғаш рет 5 мың метр қашықтыққа жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Оған 11 адам, соның ішінде 5 жоғары сынып оқушысы, 3 ата-ана мен 3 мұғалім қатысты, - деді С. Мартемьянов.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар диплом және алғыс хаттармен марапатталды. СҚО облыстық комитеті 5 шақырым жүгірген қатысушылардың барлығына ҚКХП мен марафонның нышаны бейнеленген жейде табыс етті.

- Іс-шара қатысушылары 354 шақырымдық марафонды еңсерді. Бұл Петропавлдағы Отбасылық марафонның жаңа рекорды болып табылады, - деді С. Мартемьянов.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті

DSC 0979DSC 0979DSC 0979

Please publish modules in offcanvas position.