Бейсенбі, 07 Қараша 2019 09:50

ЖАСТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Мақсат – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу.

«Сыбайлас жемқорлық деген не? Бұл – пара алу, шенеуніктердің, саясаткерлердің жемқорлығы. Бұл әдептілік пен адалдықтың жоқтығы, қызметтік жағдайды теріс пайдалану», – дейді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Талғат Телеубаев.

Содан кейін ол студенттерден өмірде осындай құбылыстың көрінісі кездескенін я кездеспегенін сұрап, жемқор шенеуніктердің елге және халыққа  тигізетін зардаптары туралы айтып берді.

Көпшіліктің сөзін тыңдағаннан кейін бақылау тобының мүшесі Наталья Мишукова пара алу ғана емес, сонымен бірге тамыр-таныстық та жемқорлықтың бір көрінісі екенін атап өтті. Мемлекеттік тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді заңсыз иемдену, жеке пайда табу мақсатында заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге әсер ету – құқық бұзушылықтар мен қызметтік қылмыс белгісі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық елдің әл-ауқатының және тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол бизнеске кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлық үкіметтің жұмысшыларға төлейтін және дәрі-дәрмек, компьютерлер мен басқа да құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсайтын ақшасының азаюына алып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған елдерде мемлекет тарапынан әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бөлінетін ақша дұрыс пайдаланылмайды, бұл қызмет көрсету сапасын нашарлатады. Жалпы, бұл жағымсыз құбылыс үкіметке деген сенімді төмендетеді.

Бұдан кейін жастарға «Сыбайлас жемқорлық кімге керек?» деген сұрақ қойылды. Жауап көп күттірген жоқ. Студенттер бір ауыздан: «Қызметтік жағдайын пайдаланатын шенеуніктерге және жеке мәселелерін шешу үшін ақша мен тамыр-танысы бар адамдарға» деп жауап берді.

Іс-шараның спикерлері сыбайлас жемқорлықтың белең алу себептері және онымен қалай күресу керектігі туралы айтты. Олар жастарды пара бермеуге немесе алмауға, сыбайлас жемқорлық туралы істерді көпшілікке жариялауға шақырды.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

KZLCorrupt 4KZLCorrupt 4KZLCorrupt 4KZLCorrupt 4

Please publish modules in offcanvas position.