Жұма, 08 Қараша 2019 16:17

ҰЛЫ ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің коммунистері салтанатты жиын ұйымдастырды.

Комитеттің бірінші хатшысы Талғат Телеубаев коммунистер мен барша шақырылған қонақтарды Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ ол КСРО тұсында атқарылған ауқымды жобалар мен жұмыстарды тілге тиек етті. Бұдан бөлек алып империяның құлауына тікелей әсер еткен кемшіліктер мен олқылықтарға тоқталды.

– Шығынсыз кіріс кірмейтіні секілді, мұндай үлкен жобалардың да қате-кемшілігі болады. Бірақ  билік халық пен шаруалардың қолына өткенде, мұның соңы қалай болар еді деп күмәнданғандар көп болды. Соған қарамастан социалистік қоғам құрылды. Сауатсыз деген адамдардың ішінен әлемге әйгілі нағыз зиялы қауым өкілдері, дара таланттар шыға бастады. Қазан революциясының нәтижесінде медицина, білім сапасы артты, баспана қолжетімді болып, ірі кәсіпорындар ашылды. Кеңес адамы алғаш болып ғарышқа ұшты. Бұл тарихи оқиға еді, – деді Талғат Телеубаев.

Жиынға қатысушылар революцияның маңыздылығын тілге тиек етіп, оның елдің дамуына үлкен серпін бергенін атап өтті. Осының нәтижесінде адами құндылықтар дәріптеліп, әлеуметтік теңдік салтанат құрды.

– ҚКХП Қазан революциясынан бастау алған байырғы дәстүрлерін одан әрі жалғастыра береді. Бүгінде коммунистер қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін табанды еңбек етіп келеді, – деді облыстық комитеттің жетекшісі.

Дәл осы күні коммунистік партияның қатары жаңа адамдармен толықты. Талғат Телеубаев оларға партия билетін табыстай отырып, коммунистік идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

Кызылорда 7 ноября3Кызылорда 7 ноября3

Please publish modules in offcanvas position.