Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 09:21

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ КОММУНИСТ-ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің активі акция ұйымдастырды.

Шара шеңберінде қала тұрғындарына «Халық коммунистері» фракциясының атқарып отырған жұмысы таныстырылды. Іс барысында коммунист-депутаттардың депутаттық сауалдары жинақталған  үнпарақтар таратылды.

ҚКХП атынан сайланған мәжілісмендер партия мүшелерін ғана емес, сонымен бірге еліміздің барлық азаматтарын қызықтыратын келесідей сұрақтарға жауап алуды көздеп отыр. Атап айтқанда, коммунистер Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлер конференциясының сметалық құны қанша және ол қалай өтелмек? Шикізаттық емес экспортты ұлғайту үшін қандай жүйе шаралар қолданылуда? ДСҰ-ға кіру үшін өтпелі кезең аяқталғаннан кейін Қазақстанды қандай өзгерістер күтіп тұр? ЭКСПО-2017 нысандарының қайсысы өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетті және қайсын күні бүгінге дейін мемлекет қаржыландырып отыр? «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының 2018 жылғы қаржылық нәтижелері қандай? деген сұрақтарға жауап алмақшы.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

KZLGolosPart 2KZLGolosPart 2

Please publish modules in offcanvas position.