Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:34

Бастауыш партия ұйымдарын көбейтуді көздейді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің активі партияның танымалдығын арттыру мен бастауыш партия ұйымдарының желісін кеңейту үшін алдағы уақытта қандай шаралар атқарылатынын жариялады.

Бірінші хатшы Талғат Телеубаев жиынның ашылуында партияның соңғы алты айда атқарған жұмысы жайлы баяндама жасады. Осыдан соң болашаққа құрылған жоспар талқыланды. Жиналғандар бастауыш партия ұйымдарына қатысты пікір білдіріп, олардың қатарын көбейту керек деген тоқтамға келді. Сөз арасында олар партияның қоғамдық қабылдау, «Шапағат» халықтық жобасы, «Бiз мектепке барамыз» акциясы сынды бастамалары халық тарапынан кең қолдау тауып жатқанын айтты.

Коммунистердің пікірінше, партияға жастарды тартуға басымдық беру қажет. Бүгінгі таңда Қызылорда облыстық комитеті партияның сапалық құрамын күшейту үшін қатарына оқиғаға орай шешім қабылдай алатын білікті кадрларды, алғыр жастарды жинап жатыр. Облыстық комитет өкілдері  студент-жастармен жиі жүздеседі. Олармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік желіде насихат жұмысына басымдық берілуде.  

Қызылордалық коммунистер білім беру мекемелерімен, өндірістік кәсіпорындармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мұндағы мақсат бастауыш партия ұйымдарын ашу, коммунистердің идеясын насихаттау.

Жиын соңында партияның жаңа мүшелеріне партбилеттер табысталды.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

кызылорда1Кызылорда4Кызылорда4Кызылорда4

Please publish modules in offcanvas position.