Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019 14:15

Коммунистер азаматтардың құқығын таптауға жол бермейді

Оцените материал
(0 голосов)

 ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті қоғамдық қабылдауының заңгері Мейрамбек Оспан Разия есімді жас қыздың өтінішімен оған келтірілген моральдық, материалдық шығынды өтету үшін сотқа азаматтық талап жолдады.

 

Оқиғаны қысқаша баяндайтын болсақ: Разия велосипедпен жүріп келе жатқанда оны жеңіл автокөлік иесі қағып кете жаздайды. Сол сәтте жәбірленуші көлік жүргізушісіне ескерту жасайды. Ол қызға дөрекілік танытып, қол жұмсап, итеріп жібереді. Мұнысымен қоймай, велосипедін сындырады. Ал Разия дене жарақатын алады. Бұл іс әкімшілік құқықбұзушылық болып тіркеледі (73 бап., 1., т.). Разия жәбірленуші деп  танылып, жеңіл автокөлік иесіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бұдан бөлек заңгер жәбірленушіге моральдық, материалдық шығынын өтеп беруге көмектеседі.

Қоғамдық қабылдауға келген С.Өтемұратова есімді азаматша

Мейрамбек Оспанға мұрагерлік мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Заңгер барлық жайтты Азаматтық кодекс бойынша түсіндіріп, азаматшаға тегін құқықтық кеңес берді.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

Кызылорда юрист

Please publish modules in offcanvas position.