Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 16:51

Шахмат шеберлері

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті «Үлкенге құрмет» жобасы аясында шахмат пен дойбыдан жолдастық турнир өткізді.

Жастар қанатының өкілдері Қызылорда қалалық №1 арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну орталығында тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қарсы ойнады.

Жастар аға буынға барынша құрмет танытып, адал ойын көрсетті. Бірқатар қызықты тақырыптар жайында әңгімелесті. Қарттар турнирдің ұйымдастырылуын жоғары бағалап, жарысқа ұйытқы болған жандарға алғыс айтты. ҚКХП облыстық комитеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлық тарту етті.

«Облыстық комитет ұйымдастырған жастар мен қарттар арасындағы турнир ойдан шықты. Алда тағы жаңа кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Талғат Телеубаев.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

шашки 4шашки 4шашки 4шашки 4шашки 4шашки 4

Please publish modules in offcanvas position.