Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 13:34

Көпбалалы отбасыларға 100 мектеп формасы тапсырылды

Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Жамбыл облысында мектеп табалдырығын 230 мыңнан астам оқушы аттайды. Өкінішке қарай, балаларын жаңа оқу жылына дайындауға барлық ата-ананың жағдайы жетпейді. Облыста 28 230 оқушы тұрмысы төмен отбасынан шыққан.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жамбыл облыстық комитеті «Біз мектепке барамыз» акциясы аясында 4 баланы бір өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Айгүл Жазықбаеваның балаларына мектеп формасын алып берді. Жеті баланың анасы Маблюда Жаппароваға да осындай көмек көрсетілді. Коммунистер көпбалалы ананың 3 баласына мектеп формасы мен оқу құралдарын табыс етті.

Байзақ ауданына қарасты Жетібай ауылының тұрғыны Кенжебай Жұмаділовтың 6 баласы бар. Олардың бесеуі мектепке барады.

Кенжебай Жұмаділов те, оның жұбайы да жұмыссыз. Көпбалалы отбасының баспанасы да жоқ.

Жамбыл облыстық комитетінің өкілдері Кенжебай Жұмаділовтың отбасын да қамқорлығына алып, балаларын жаңа оқу жылына даярлады.

Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны Баян Бектұрғанова да «Біз мектепке барамыз» акциясының шарапатын көрді. Бұл туралы ол: «Жолдасым екеуміз 6 бала өсіріп отырмыз. Тұрақты жұмысымыз жоқ. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жамбыл облыстық комитетінің кеңсесінде мектеп формасы таратылып жатыр дегенді елден естіп келдік. Балаларыма үш мектеп формасын берді. Коммунистерге айтар алғысым шексіз. Партияның қарапайым халыққа шынайы көмек көрсететініне көзім жетті, – деді.

Акция аясында көпбалалы отбасыларға 100 мектеп формасы табысталды. Бұған қоса оқу құралдары мен күнделік ұсынылды.

68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n68965247 1196888590519485 7203002425630785536 n

Please publish modules in offcanvas position.