Жұма, 08 Қараша 2019 10:59

ЕР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығын атап өтті.

Мереке күні жамбылдық коммунистер Кәрімбай Көшмамбетовтің бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Бұл шараға Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен ауғандық жауынгерлер қатысты.

Өкінішке қарай, қазіргі ұрпақ Әулиеата ауданында Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқан атақты жерлесіміз, суырып салма ақын, әскери жетекші, революциялық қырғыз жастарының жергілікті одағы жетекшісінің есімін біле бермейді.

Салтанатты жиында ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев «Халық коммунистері» партиясының белсенді мүшелері Кеңес Дабылбеков пен Оңласын Қаңлыбаевқа естелік медаль табыс етті.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

 

ZhambZemlRevol 3ZhambZemlRevol 3ZhambZemlRevol 3

Please publish modules in offcanvas position.