Сейсенбі, 19 Қараша 2019 10:22

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ АУЫСТЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Жанат Бастаубаева ҚКХП Жамбыл облыстық комитетін басқаратын болды. Мұндай шешім облыстық комитет пен облыстық бақылау-тексеру комиссиясының бірлескен пленумында қабылданды.

Пленум облыстық комитеттің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиевтің басшылықтан кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Оның орнын облыстық комитеттің екінші хатшысы Жанат Бастаубаева басты. Кандидатура бірауыздан қабылданды.

Басқосу барысында ҚКХП ОК Жамбыл бюросы мен мүшелері ротацияланып, бірқатар ұйымдастыру мәселелері шешілді.

Жарылқасын Нұралиевке ҚКХП ОК атынан алғыс хат пен естелік  сыйлық табысталды.

Саяси Бюро мүшесі, Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов оған атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

ҚКХП ардагері, зейнеткер, 50 жылдық тәжірибесі бар коммунист Нұрмахан Шаухаров облыстық комитеттің жаңа құрамына сәттілік тіледі. Ол  облыстың барлық аудандарында аудандық комитет ашу, облыстық масштабта қызықты іс-шаралар өткізу және партияға мүмкіндігінше көп адам тарту бастамасын көтерді.

– Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мен коммунист ретінде оның бәріне атсалысамын, – деді ардагер.

«Өңірлік ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Мұқатай Секеев Жарылқасын Нұралиевтің еңбегін жоғары бағалады.

– Қазіргі таңда Жамбыл облысының дамуына арналған кітап әзірленуде. Оған коммунистерді де қосамыз, – деді ол.

Оның әріптесі Қапал Берденов Жанат Бастаубаеваны жаңа қызметімен құттықтады.

– Коммунистерге сізге сенім артады.Біз сізді мемлекеттік қызметте де, бизнесте де үлкен тәжірибесі бар іскер тұлға ретінде білеміз, – деді Қапал Берденов. Ал «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Азаматтық альянс қауымдастығы» ЗТБ филиалы директорының міндетін атқарушы Раиса Рысқұлбекова азаматтық институттар мен коммунистік партия арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

– Мен ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті ұйымдастыратын іс-шаралардан қалмауға тырысамын. Әртүрлі салада көптеген мәселелер бар және оларды бірлесе шешуге болады. Бір кездері біз Семейдегі оқу полигонын жаптық. Егер партия халықтық болса, онда халық та сіздерге сенеді! – деді ол.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

ZhambPlenum 8ZhambPlenum 8ZhambPlenum 8ZhambPlenum 8ZhambPlenum 8ZhambPlenum 8ZhambPlenum 8

ZhambPlenum 6

Please publish modules in offcanvas position.