Жұма, 29 Қараша 2019 09:29

ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕР ТАСАДА ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Оцените материал
(0 голосов)

Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енуінің 40 жылдығы қарсаңында ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті интернационалист жауынгерлермен кездесті. Оған Ауғанстандағы соғыс ардагерлері жергілікті ұйымдарының өкілдері мен жетекшілері қатысты.

Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева іс-шараны алғыспен бастады. Ол қонақтарға әскери міндеттері үшін алғыс айтты.

Қазір посткеңестік кеңістікте «ауған соғысы» туралы еске алғанды ұната бермейді. Соғыс  9 жылға созылды (1979 жылғы 29 желтоқсаннан 1989 жылғы 15 ақпанға дейін). Тарихи ауқымда алсақ, бұл әскери қақтығыстар тізбегіндегі қарапайым оқиға. Ал адамдардың айтуы бойынша, келтірілген шығын, қиылған өмір, бұзылған тағдыр. Ауған соғысына тек Жамбыл облысынан 921 адам қатысты. Олардың 27-сі үйіне оралмады.

Жамбыл облысындағы және Тараз қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков, «Жеңіс Қаһарманы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәлік Тұрғынбеков және басқа да интернационалист жауынгерлеркездесуде естелік айтты.

Өз кезегінде Жанат Бастаубаева келесі жылға арналған ҚКХП жобалары жайлы мағлұмат берді. Ең қарт коммунист, облыстық комитеттің мүшесі Нұрмахан Шаухаров демеуші тауып, газет ашуды ұсынды.

– Партия – халықтық. Демек, халық бізбен, – деді ол.

Дүкенбай Ермеков коммунистермен бірлескен іс-шаралар өткізуге ниет білдірді. Мәселен, облыстық комитет белсенділерінің студенттермен кездесуін ұйымдастыруға көмектесу. Шара жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге арналады. Сондай-ақ Дүкенбай Ермековтің жоспарында Жамбыл облысынан шыққан «ауғандықтар» туралы кітап шығару бар екен. 

Жиында ардагерлер проблемаларымен бөлісті. Мемлекет жылдар бойы олардың денін шеше алмай келеді екен. Бұл пәтерлерді жекешелендіруге, медициналық көмекке, курорттық емдеуге және көліктік жеңілдіктерге қатысты жайттар.

– Қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесін басқа аймақтар шешіп қойған. Бізде бұл мәселе реттелмеген, – деді олар.

Кездесу соңында үш интернационалист-жауынгер – Әділхан Тазабеков, Әмірхан Садықов және Жандос Шымырбаев ҚКХП-ға қосылуға ниет білдіріп, өтініш жазды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

ZhambInternac 4ZhambInternac 4ZhambInternac 4ZhambInternac 4

Please publish modules in offcanvas position.