Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:30

Ауыл тұрғындары коммунистерді қолдайды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті бюро мүшелерімен, партия белсенділерімен және Жастар қанатының өкілдерімен бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту үшін не істеу керек деген сұраққа жауап іздеді.

 

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев аудандардағы жұмысты ширату қажеттігіне назар аударды.

- Бізге ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру қажет. Партия ардагерлері мен жастар арасына алтын көпір салынуға тиіс. Үлкендер кішілермен тәжірибесімен бөлісіп, оларға ақыл-кеңес беру керек, - деді Жарылқасын Нұралиев.

Оның сөзінше, бүгінге дейін екі аудандық комитет құрылған. Алайда олардың қызметі ойдағыдай емес. Тап қазір ҚКХП Тараз қалалық комитетінің жұмысы көңіл көншітпейді. Аймақтың ірі кәсіпорындардағы бастауыш партия ұйымдарының жұмысы да ақсап тұр. 

- Біз ірі кәсіпорын басшыларының бюрократиясымен бетпе-бет келіп жатырмыз. Жұмыс берушілер бастауыш партия ұйымының ашылуына қарсы. Неге, олар кімнен, неден қорқады, бұл жағы бізге беймәлім, - деді бірінші хатшы.

Десекте коммунистердің қатары жастармен толығып жатыр. Олардың арасында көңілдері толмағандықтан басқа партиялардан ауысып келіп жатқандар да бар.

 - Біздің жақтастарымыздың басым бөлігі ауыл тұрғындары. Бізге соларға басымдық беру керек. Қазір коммунистердің алдында маңызды міндет тұр. Ол – мәслихат және Мәжіліс сайлауына дайын болу, - деді Жарылқасын Нұралиев.

жамбыл1

Please publish modules in offcanvas position.