Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 09:40

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Оцените материал
(3 голосов)

12 қаңтарда көрнекті тұлға, әйгілі саясаткер, КСРО-ның мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 108 жыл толды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің коммунистері бірнеше онжылдықтар бойы Кеңестік Қазақстанды басқарған, үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған, академик, жүзден астам ғылыми еңбектің авторы атанған ұлы тұлғаны еске алды. Ол Отанын шын сүйіп, өмірінің ең жарқын сәттерін оған қызмет етуге арнаған нағыз патриот еді.

Облыстық комитеттің белсенділері Дінмұхамед Қонаевтың Тараз қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін ұлы тұлғаны еске алуға арналған кішігірім жиын өтті.

– Дінмұхамед Ахметұлы соңына өшпес із қалдырған мемлекет қайраткерлерінің бірі және бірегейі, – дейді коммунистер.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

ZhambKunayev 3ZhambKunayev 3ZhambKunayev 3

Please publish modules in offcanvas position.