Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 12:03

САРЫСУ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІ ҚҰРЫЛДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекпен кездесті.

Бірінші хатшы облыстық комитеттің алдағы жоспарымен бөлісіп, Сарысу ауданында Қазақстан Коммунистік халық партиясының бастауыш ұйымы құрылғанын жариялады.

«Облыс көлемінде партияның бастауыш ұйымдары ашылып жатыр. Бізге белсенді азаматтар мен тұрғындардан Қазақстан Коммунистік халық партиясының бастауыш ұйымын Сарысу ауданынан ашу туралы ұсыныс түсті», – деді Жанат Бастаубаева.

Бұдан кейін ол аудан тұрғындарына бюро мүшелерін және Сарысу аудандық бастауыш партия ұйымының хатшысы Айдар Садубаевты таныстырды. Сондай-ақ бірінші хатшы Айдар Садубаевқа партия билеті мен төсбелгісін табыстады.

Жамбыл облыстық комитеті

NewRaykomZhamb 4NewRaykomZhamb 4NewRaykomZhamb 4NewRaykomZhamb 4

Please publish modules in offcanvas position.