Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 12:21

БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

Оцените материал
(2 голосов)

Жамбыл облысының Байзақ ауданында партияның аудандық комитеті ашылды. Салтанатты шараға ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы, бюро мүшелері, комитет активі сондай-ақ жергілікті әкімдік өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Аудандық комитеттің ашылуына бастауыш партия ұйымдары ықпал етті. Талқылау барысында аудандық комитеттің бірінші хатшысы лауазымына коммунист Шахайхан Асанов сайланды.

– Шахайхан Асанов Байзақ ауданы фермерлер одағының төрағасы қызметін де атқарып жүр. Ол ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселелерді өте жақсы біледі, – деді Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева.

Өз кезегінде Ш.Асанов жақтастарына алғыс айтты.

– Бүгін біз үшін тарихи күн. Жаңадан құрылған аудандық комитет қарапайым халықтың, оның ішінде шаруалардың құқығын қорғауға бел буып отыр. Коммунистер аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдарынан келгенше үлес қосады. Бұл істі жергілікті билікпен бірлесіп атқарамыз! – деді Ш.Асанов.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

ZhambBayzRaykom 5ZhambBayzRaykom 5ZhambBayzRaykom 5ZhambBayzRaykom 5ZhambBayzRaykom 5

Please publish modules in offcanvas position.